Спорт • 30 Наурыз, 2020

БАҚ: Қанат Ислам әлемнің экс-чемпионымен жұдырықтасады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы танымал қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. RingPolska басылымының жазуынша, отандасымыздың қарсыласы әлемнің экс-чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) болмақ.

БАҚ: Қанат Ислам әлемнің экс-чемпионымен жұдырықтасады

Ислам – Мунгия жекпе-жегі екінші орта салмақтағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) пен британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) арасындағы бокс кешінде өтеді. Әуелде «Канело» мен Сондерс айқасы 2 мамырға жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты айқас бірнеше аптаға шегерілді.

Айта кетейік, Хайме Мунгия осы жылдың қаңтар айында орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ирландиялық Гэри О’Салливанды (30-4, 21 КО) нокаутпен жеген-ді.

Ал отандасымыз ең кейінгі айқасында намибиялық Уолтер Каутондоквадан (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен басым түскен еді. Кездесу 2019 жылдың қазан айында Алматыда өткен болатын.