Таяуда «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңесі мен арнайы мониторингтік топ өкілдері «Есіл» кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасының тұрақтандыру қорын қалыптастыру жұмыстарының жай-күйімен танысты. Көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдарының өнімі саябырлап, сауда алаңдары тарыла бастаған тұста тұрақтандыру қорының елеулі септігі бар. Облыс жұртшылығы азық-түліктен тарыға қоймайды.
Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 12 тонна күріш, 15 тонна жарма, 1,5 тонна өсімдік майы, 3,4 тонна сары май, 1825 тонна бірінші сортты ұн бар. Алдағы уақытта қауіпсіздік жайын қаузаған қор тағы 68 тонна күріш, 42 тонна өсімдік майымен толықтырылмақшы. Оған қоса, 2 вагон қант, қарақұмық жармасы, күріш, жұмыртқа және «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінің сүт өнімдерін сатып алу жоспарланып отыр екен.