Таным • 30 Наурыз, 2020

Әулиеағаш туралы әңгіме

1668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер жаннаты –  Жетісуда... Жазиралы Жаркент жағында таңғажайып тал бар. Бір... Екі ғасыр... А, бәлкім, одан да көп жасаған жарықтықтың алып діңгегін құшақтауға алты-жеті адамның кұлашы әрең жетеді. Жұрт оны Әулиеағаш деп атайды. Түбінен көз жасындай мөлдіреп тұманың тұнық суы ағады.

Алып дарақтың айналасы кішігіpім тоғай тәріздес. Жасыл бақ жайқалып түр. Көкжелек көркіне көз сүйсініп, көңіл семіргендей.

Ең ғажабы, әлгі жас өскіндер жапатармағай бастарын иіп,  кәрі ағашқа қарай майыса өскен. Әдетте өсімдік атаулы көктегі күн көзіне қарай мойын созушы еді. Мыналардыкі қызық...

Неге екенін қайдам, маған осы көрініс Қазақстанның қазіргі жағдайын елестетеді. Жетпіс жеті атасы осы топырақта өсіп өнген қазақтар – жаңағы қасиетті қарағаш, ал оның жан жағындағы жайқалған жас ағаштар тағдырдың жазуынан елімізді мекен етіп жатқан түрлі ұлттың өкілдері секілді...

...Шіркін, біздің тілі басқа, тілегі бір ағайындарымыз қиын-қыстау уақыттарда өздерін бауырға басқан қара шаңырақтың байырғы иесі – Қазақ халқының қадір-қасиетін дәл осы Әулиеағаш түбіндегі талдардай бағалай білсе ғой!