Өсіп жатқандардың көбі – өлермендер. Өйткені олардың өресі тар болғанымен өрісі кең келеді. Көктегі күнге шылым тұтатқандай күйдегі көкелерінің көмегімен мәнсаптың майлы жілігін ұстайды. Қабілет кемдігіне қарамайды. Содан елді сорлатады. Кеудесіне кісілік қонбаған кешегі Ұлтанқ ұлдың ұрда-жық ұрпақтары тізгін ұстаған соң, тірлігіміз қайдан оңсын?
Атам қазақ әлін білмеген әлектерге әлімсақтан сөз арнаған. Ең алдымен, ескерткен: «Қолың көтермес шоқпарды беліңе байлама».
Шаманы білуге шақырған: «Көрпеңе қарай көсіл».
Кейде қатты кеткен: «Көкқарға к...е қарамай әулие ағаштың басына қонады».
Жетемізге бәрібір жетпепті.
Құлаш жетпесті құшақтауға әлі құмармыз.
Кейбір шенеуніктер шектен шықты. Тақ таласында ештеңеден тайынбайды. Жемқорлық, парақорлық, рушылдық, жікшілдік, коррупция дейсің бе, жалғанның жарығындағы жағымсыз құбылыстардың барлығы жайлы орындарда отырған жуан дүмдi мырзалардың айнымас серігіне айналады. Обал барын ойламайды. Жеке бастың пайдасы үшін жүгіргенде, алдарына жан салмайды. Қарауындағыларды қан қақсатады.
- Менің ағам айтпақшы: Қарапайым халық жүдеп-жадап бітті, ал арықтаған бір әкім жоқ...
Ұлықтардан ұят кеткен заман болды бұл.
Ұлт ұпайының әзірге түгенделетін түрі жоқ.
Here?
Менің де соны білгім келеді...