2019 жылдың соңында China Mobile 50 мыңға жуық 5G базалық станцияларын құрды және Қытайдың 50 қаласында 5G желісіне қол жеткізген болатын. Енді коронавирустық індеттің зардаптарын жою және 5G Plus бағдарламасын іске асыруды алға жылжытқанын, қоғамдық ақпарат ағынын, өнеркәсіптік қайта құру мен модернизацияны, сондай-ақ цифрлық қоғам құруға ниетті екенін мәлімдеді.
Атап айтқанда, 5G plus Big Data технологияларын төтенше жағдайларды жою және денсаулық сақтау салаларында қолдану аясын кеңейту жоспарлануда.
China Mobile сонымен қатар осы жылдың аяғында 5G желісін пайдаланушылар санын 70 миллионға, ал 5G терминалды құрылғыларын сату көлемін 100 миллион бірлікке дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойды.