Қаржы • 30 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады», деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз бөлімі.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

«Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкіне қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.