Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Микроқаржы ұйымдарын, ломбардтар мен интернет-несие берушілерді тексеру басталды

835 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын бақылау және реттеу агенттігінде өткен онлайн жиын барысында белгілі болды.

Микроқаржы ұйымдарын, ломбардтар мен интернет-несие берушілерді тексеру басталды

Агенттіктің хабарлауынша, мониторинг заң талаптарының сақталуына, қаржы пирамидасының белгілері мен банктік заңсыз әрекеттердің белгілерін анықтауға, сондай-ақ 23 наурыздағы халыққа тұтынушылық несие беретін банктік емес ұйымдардың қызметіне кең көлемді аудит жүргізу туралы бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

«Тексеру  наурыз-маусым айлары аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді, ол үшін агенттікте Iшкi iстер министрлiгiнiң және мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң қатысуымен 39 инспекциялық топ құрылды. 1,1 мың ломбард (елде жұмыс істеп жатқан ломбардттардың 50 пайызы), оның ішінде сәуірде - 424, мамырда - 323, маусымда – 353 ұйым тексеріледі.  Сондай-ақ, 50-ге жуық онлайн несиелеу субъектілері және 200-ге жуық микроқаржы ұйымдарының субъектілері тексеріледі»,  деді агенттік өкілдері.

Ең  алдымен, төтенше жағдайдың әсерінен зардап шеккен халыққа, шағын және орта бизнеске берілетін несиелер бойынша негізгі қарызды және сыйақы төлеуді тоқтата тұру туралы бұйрықтың орындалуы бақылауға алынады.

«Қаржыны  сырт елдерге аударуға,  терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңның сақталуы, қаржы пирамидасын ұйымдастыру, қарыздар коэффициентіне қойылатын талаптар, жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме және микрокредиттер бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме, пайыздарды есептеу, айыппұлдар мен өсімпұлдар, төлемдерді төлеу тәртібі тексеріледі» деп атап өтті агенттік өкілдері.

Еске салайық, агенттік ломбардтардың қызметіне қойылатын бірқатар талаптарды, жарғылық және жарғылық капиталдың минималды деңгейіне қойылатын талаптарды күшейтті.

Ломбардтардың басшылары мен құрылтайшыларына бухгалтерлік есепті жүргізу және біліктілік талаптары қойылды, ломбардтардың үй-жайларына қойылатын талаптар күшейтілді. Сонымен қатар, ломбардтарды тіркеуді жеделдету бойынша шаралар қабылданды: Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында - 2020 жылдың 1 мамырына дейін, қалған елді мекендерде - 2020 жылдың 1 маусымына дейін тексеру жүреді.