Қазір Атырау облысында 7 соғыс ардагері бар. Оның біреуі –Жылыой ауданында, өзгелері Атырау қаласында тұрады. Ардагерлердің арасында жасы ең үлкені –Айдын Айбаров. Ол биыл 99 жасқа толады. Майдангерлердің ең кішісі – 95 жаста.
–Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерінің әрқайсысына 300 мың теңгеден қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, NCOC компаниясының демеушілігімен әр соғыс ардагеріне 750 мың теңгенің сертификаты беріледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі –бір жыл. Оған ардагерлер көңілі қалаған затын сатып алуына болады, - дейді Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов.
Жұмасат ҒАЗИЗ