Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

«Қауіптілігі аса жоғары» топтағы дәрігерлер 1 млн теңгеден алады

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Қауіптілігі аса жоғары» топтағы дәрігерлер 1 млн теңгеден алады

«Қауіптілігі аса жоғары» — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ), 850 мың теңге).

«Барлығы – 3284 маман. Олардың жалақысына үстеме ақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 1 млн теңгенің үстінде алады», деді Дәурен Абаев.

Айта кету керек, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті.