Әлем • 30 Наурыз, 2020

COVID-19: Жасанды интеллектің дəуірі

111 реткөрсетілді

Қазір жалықпағанның барлығы коронавирусты талқылап, БАҚ беттерінде тек адам шошитындай деректер ғана келтірілуде. Рас, пандемияның таралу ауқымын айтудың өзі қорқынышты. Джон Хопкинс университетінің мəліметінше, жұқпалы індеттің ландшафты 180 мемлекеттен асып, сырқаттанғандардың саны 750 мың адамға тақады. Адамнан бөлек, ауыр диагнозға жаһандық экономикада дұшар болды. Мəселен, АҚШ-та бір күнде 3 миллиондай адам жұмыссыз қалды. Америкалықтар «Ұлы күйзеліс» кезеңінен бері Құрама штаттардың экономикасы мұндай соққыны көрмегенін айтады. Əлемнің қаржы-экономикалық архитектурасының шатқаяқтауына қарамастан, сарапшылар бұл мүмкіндіктер кезеңі деп санайды. Дəлірек айтқанда, жасанды интеллектінің қауқары сыналатын кезең.

Жұқпалы індет өндірісті туралатты

Дүние жүзі бетпердеге тұмшаланып, онлайн режімге көшкендіктен қазір көптеген компаниялар, корпорациялар, сондай-ақ өндіріс орындары жұмысын тоқтатуға мəжбүр. Алайда ғасыр игіліктерін жолға қойған модернистер кəсіптерін бір сəтке де үзген емес. Бұлай дейтініміз, цифрлы технологияны жетік меңгеріп, өндірісі автоматтандырылған іскер ортаның ұпайы түгел. Олар жайлы сəл кейінірек, алдымен жаһандағы ахуалды бағамдасақ.

Эпидемия таралғалы екі айдан соң, ресми Бейжің Хубэй аймағынан тыс елдегі ірілі-ұсақты компаниялардың 60-90% карантинге жабылғаннан кейін жұмысты жандарғанын хабарлады. Сондай-ақ індет қарқын алған ақпан айында автокөлік саудасы былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5 есеге құлдырады. CNPC мемлекеттік мұнай компаниясы Қытайдың күнделікті мұнай импортының көлемі 2 млн баррельге қысқарғанын мəлімдеді. Бұған қоса Қытайдағы 80% ірі жəне 30% шағын əрі орта кəсіпорындар қысқартылған құраммен жұмысқа кіріскен. Осы жағдай Аспан асты еліндегі ішкі жалпы өнімнің 40%-ға қысқаруына алып келді.

АҚШ-та коронавирустан туындаған қауіпті сейілту үшін Федералды қор жүйесі екі күн ішінде жарты трлн долларды экономикаға құйып, банк жүйесіндегі базалық мөлшерлемені нөлге дейін түсірді. Экономистер 2019 жылдың аяғында АҚШ циклдық тоқыраумен бетпе-бет келетінін болжаған-ды. Ақыры бұл болжам расталып, оның президенттік һəм Конгресс сайлау науқанына тұспа-тұс келгені америкалық истеблишментке қолайсыздық тудырды. Десе де қазіргі ақ үй басшысының айы оңынан туды деуге болады. Неге десеңіз, барлық сəтсіздікті Трамптың мұхит асып келген індетке жаба салуы əбден мүмкін.

Пандемияның зіл соққысы əсіресе туризм саласына дөп тигенін ақпарат құралдары жарыса жазуда. Өйткені əлемдік ІЖӨ-нің 2% осы секторға тиесілі. Бұдан басқа адамдардың қатынауымен байланысты экономиканың барлық бағыттары шығынға батып жатыр. Оның қатарына көңіл көтеру орындарынан бастап, қоғамдық тамақтану қызметіне дейін кіреді. Бұл сегменттің Америка экономикасындағы үлесі - 4%. Бөлшек сауда нарығында да құлдырау орын алуы ықтимал. Мұнда ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлардың саудасы туралап қалады деп күтілуде. Айталық, Францияда əлеуметтік маңызы бар тауарлардың саудасынан бөлек, сауданың барлық түрлеріне шектеу қойылды. Кəсіби жəне бизнес қызметтер, көлік тасымалы жəне көтерме сауда нарығыда жапа шегеді деп болжанып отыр.

Əлемді терминатор құтқарады

Қалыптасқан ахуал мемлекеттер мен ірі корпорацияларға экономикалық стратегияны қайта қарастыруға итеремеледі. Тарқатып айтқанда, COVID-19 адамзатты шынайы сын-қатерлерге дайын болуға үйретпек. Халықаралық Financial times басылымы бұл IT технологиялардың мүмкіндігін көрсетудің орайлы сəті деп жазады. Демек, технократтардың дəурені келді деуге толық негіз бар. Мысалы, постэпидемиялық келешекте автономды дүкендерге сұраныс артып, дəстүрлі бөлшек сауданы онлайн сауда қызметі ығыстыруы ғажап емес дейді экономикалық шолушы Тим Харфорд. Сол секілді миллиондаған кеңсе қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеп, мектеп жəне жоғары оқу орындарынғы білім беру форматыда осы үлгіге толықтай ауыстырылады. Amazon сынды платформаларда тауарды жеткізуде роботтың қызметі іске қосылады. Өнеркəсіп өндірісінде роботтандыру ісі қарқын ала түспек. Яғни адам өміріне қауіпті салаларда оның орнын машина алмастырады. Ал оны үйде отырып-ақ басқаруға болады. Бұдан қалды ұшақ салондары мен круиздық лайнерлерде зарарсыздандырудың тың технологиясына қажеттілік артады дейді сарапшылар. Түйндей келгенде, бұрындары футуристік көзқарас ретінде саналған болжам, актуалды қажеттілікке айналуға жақын.

Соңғы жаңалықтар

Тазалық бар жерде тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 15:08

Полицейлердің еңбегі еленді

Аймақтар • Бүгін, 14:39

Шымкентте 22 адамнан Covid-19 анықталды

Коронавирус • Бүгін, 10:05

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Бүгін, 09:30

Із қалдырған ірі тұлға

Қоғам • Бүгін, 07:06

Қосаевтар әулетінің қасіреті

Руханият • Бүгін, 06:56

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Бүгін, 06:20

Ұқсас жаңалықтар