
Осылайша жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері CT-KZ сертификаты немесе Индустриялық сертификатпен расталған Қазақстанда жасалған тауар, жұмыс және қызметтерді байқау өткізбей бір көзден сатып алуға құқылы. Бұл өзгеріс жақын күндері Энергетика министрлігінің 25 наурыздағы №110 бұйрығының жариялануынан кейін күшіне енеді. Дəл осындай жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қатты пайдалы қазбалар сегментінде жүргізіп жатыр. Тиісті бұйрық жақын арада қабылданады деп күтілуде.