Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстан: "Aitas KZ" індетпен күреске 200 миллион теңге бөледі

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай қысылтаяң шақта кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек.

Шығыс Қазақстан: "Aitas KZ" індетпен күреске 200 миллион теңге бөледі

Облыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі "Aitas KZ" акционерлік қоғамы коранавируспен күреске қомақты қаржы бөлетінін хабарлады. «Денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек алуға 200 миллион теңге бөлінеді. "Кус&Вкус" брендінің өнімдері қымбаттамайды. Халыққа үздіксіз жеткізіп тұруға 1000 тонна тауық еті беріледі. Карантин енгізілген және "Aitas KZ" өнімдері саудаланатын аумақтарда волонтерлік штаб құрылады. Мұндай қысылтаяң шақта кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек. Мемлекетке қал-қадарынша көмек беруге тиіс. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ» дейді кәсіпорынның бас директоры Серік Толықпаев.

 Шығыс Қазақстан облысы