Агенттік сөзіне сенсек, Қазақстандағы салық жүйесі мұнай-газ компанияларының халықаралық рейтингтерінің төмендеп кетуін тежеп, теңгенің кенеттен құнсыздануының алдын алып отыр екен.
«Сондықтан, біз қазақстандық мұнай-газ компанияларының алдағы уақытта «Тұрақты» рейтингісіне қайта көтерілетініне сенеміз» дейді агенттік өкілдері.
Сондай-ақ осы агенттіктің сарапшылары мұнай-газ компанияларының бренд маркілі мұнай баррелі 30 АҚШ долларынан төмендеп кетсе, қарыздық жүктеменің көтеріліп кетеді деген болжамын өзгертті.
Себебі 2020 жылы мұнай барлау және өндіру сегменті тек шығынмен жұмыс істейді. Мұның себебі мұнай барлаудың құны тым қымбатқа түседі.
«Биыл мұнайдың арзандауы мен теңгенің құнсыздануынан EBITDA-ны қысқартуға тура келеді. Осының әсерінен қарыздық жүктемелер өседі. Себебі қарыздың 93 пайызы шетелдік валютамен берілген. Теңгенің құнсыздануы сыртқы қарызды теңгемен алған компаниялар үшін тиімді болып тұр.
2021 жылы қаржылық көрсеткіштердің қалпына келуіне мұнай бағасының және кәсіпорындардан дивидендтердің өсуі әсер етеді. Ал EBITDA 1,10-1,15 трлн теңгеге дейін артады», - дейді сарапшылар.
Сонымен бірге агенттік Қазақстан үкіметінен ҚМГ Қашаған жобасындағы 8,44% қатысу үлесін азайтса да сату опционын пайдаланады деп күтпейді.
ҚМГ рейтингінің теріс болжамы, 2021 жылы шамамен 20%-ға дейін көтерілмесе, төмендеу жалғаса береді. Бұл факторға мұнай бағасының төмендеуі ғана емес, компаниялардың табысы мен шығысына бақылау жасай алмайтыны да әсер ететін көрінеді.
Алайда, агенттік компаниялардың қабілеттілік сипаттамалары 2021 жылы тұрақтанған жағдайда, болжамын қайта қарауы мүмкін екенін ескертеді.