Әлем • 30 Наурыз, 2020

Жаңа цифрлы инфрақұрылымның кезі келді

285 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

АҚШ компанияларының инновациялары дағдарыс аяқталғаннан кейін де пайдаға жарайтын құралдар жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа цифрлы инфрақұрылымның кезі келді

Технология компаниялары да АҚШ-тағы барлық кәсіпорындар сияқты пандемиямен күреске үлесін қосуға тырысуда. Олар вирус туралы деректер жинап, есептеу ресурстарын вакцина табуға бағыттап жатыр. Сонымен қатар вирустың таралуын бақылап, медицинаның аса маңызды пәндерінің үйлестіруін жақсартып, онлайн оқыту құралдарының жұмысына жәрдем береді. Schmidt Futures қайырымдылық ұйымы да бұл істерге атсалысуда. Бұл жұмыстар – заманауи технология индустриясындағы нәтижеге негізделген кәсіпкерліктің көрінісі.

Дегенмен АҚШ-тың әрбір азаматы өзіне мемлекеттің пандемиядан кейінгі болашағы туралы сұрақ қоюы керек. Бүгінгі дағдарыс жағдайы кезінде іске қосылған технологиялар келешекте қандай пайдаға жаарйды?

Ауқымды деректер мен өндірістің жаңа әдісін алайық. Үкіметтің жеткізудің қиын тізбегі мен маңызды медицина құрылғыларын үйлестіру туралы түсінігі жоқ. Көлемді деректермен жұмыс істейтін мамандар деректерді бақылау мен визуализациялау үшін бұл желілерді моделдеуді қолдануы керек. Бұл саясаткерлерге шешім қабылдауда көмек болмақ. Әскерде кеңінен қолданылатын диагностикалық техникалық қызмет көрсету мен аддитивті технологиялардың денсаулық сақтау саласында да қолданылғаны дұрыс. Кейбір ауруханалар өкпе желдеткішінің бөлшектерін жасау үшін 3D-принтерлер қолданып жүр. Amazon сияқты құрылғыларды жеткізудің тиімді жолдарын білетін компаниялар үкіметке кеңес беріп, көмек көрсетуі керек.

Сонымен қатар бізге қашықтан оқытуға көшуді жеделдету керек. Онлайн оқыту оқушылардың тұратын жеріне қарамастан ең үздік мұғалімдерден блім алуға мүмкіндік бермек.

Қашықтан оқыту құралдарын тиімді үйлестіруді жолға қою керек. Білім алушылардың көбінің интернетке қолы мектептер, колледждер мен кәсіптік білім беру институттары жетсе ұтады. Ғылыми және инженерлік лабораториялар да жас таланттарды біріктірудің жолдары туралы ойлауы керек.

Кең көлемді тәжірибе өткізудің қажеттілігі де биотехнологиялық революцияны жеделдетпек. Синтетикалық биология мен жасанды интеллектті қолданатын компьютерлік моделдеу жаңа дәрі-дәрмек жасап шығаруға көмектеспек. Компаниялар мен зерттеу орталықтары көлемді деректермен жұмыс істеу үшін алгоритмдерді пайдаланады. Ол ұзақ әрі көп еңбекті талап ететін корреляцияны табуға мүмкідік береді. Тағамдар мен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы сияқты үкіметтік ұйымдар жаңа дәрілер шығаруды жеделдету қажеттілігіне тап болды. Ал қаржыландыратын агенттіктер зерттеушілерге жаңалық ашуға жаңа жеңілдіктер беруі керек болды.   

Ең бастысы, мемлекетте тиімді цифрлы инфрақұрылым жасау қажет. Үкімет бұлттық, мобильді, желілік бағдарламаға көшіп, деректерді стратегиялық актив ретінде қарастыруды бастауы керек. Бұл құралдар қажетті шараларды қолға алуда керек екені анық. Оған қоса аталған инфрақұрылым америкалықтардың күнделікті өмірінде де қажет болады. Егер технологияға негізделген  тиімді экономика мен білім беру жүйесіне қол жеткізгіміз келсе, бізге халықпен байланыс орнатқан жылдам инфрақұрылым қажет. Үкімет еліміздегі цифрлы инфрақұрылымды бұлттық платформаларға айналдыруы үшін көлемді инвестиция құюы керек.

Америка халқы жаңашылдық пен мәселелерді шеше алуымен ерекшеленеді. Егер стратегиялық түрде инвестиция құйсақ, халықты мобилизацияласақ, қажетті жоғары өмір сапасын қамтамасыз ететін және пандемия сияқты заманның қиын мәселелерін шешуге көмектесетін цифрлы инфрақұрылымға қол жеткізе аламыз.

Эрик Шмидт

Google компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы және бас директоры

Wall Street Journal

Аударған Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»