Спорт • 30 Наурыз, 2020

Ресми: Токио Олимпиадасы өтетін жаңа мерзім жарияланды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада, Паралимпиада және Токио-2020 ойындарын ұйымдастыру комитеті, Токио қаласы мен Жапония билігі Олимпия ойындары өтетін жаңа мерзімді бекітті деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Ресми: Токио Олимпиадасы өтетін жаңа мерзім жарияланды

Лауазымды тұлғалар бүгін телефон арқылы конференция өткізіп, 2021 жылға ауыстырылған жазғы Олимпия ойындарын 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында ұйымдастыруға келіскен. Ал Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Онлайн жиынға ХОК президенті Томас Бах, Токио-2020 президенті Мори Йоширо, Токио губернаторы Коике Юрико қатысқан.

Жиын барысында жазғы спорт түрлеріндегі барлық халықаралық федерациялар мен ұлттық олимпиадалық комитеттер қабылданған шешімді қолдады.  Айта кетелік, 24 наурыз күні әлемде COVID-19 індетінің белең алуына байланысты Жапония билігі мен ХОК бірлесе отырып, Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылдады.