Коронавирус • 30 Наурыз, 2020

Коронавирустан БЦЖ вакцинасы құтқаруы мүмкін

1094 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БЦЖ вакцинасы коронавирус инфекциясынан сақтанудың бірден-бір жолына айналуы мүмкін. Бұл туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралы хабарлады.

Коронавирустан БЦЖ вакцинасы құтқаруы мүмкін

Әлемді жайлаған індетпен күресу үшін дәрігер мен ғалымдар қолда бар мүмкіндіктің бәрін қарастырып жатқаны белгілі. Солардың бірі – БЦЖ вакцинасы. Зерттеушілер осы екпе түрі кең көлемде салынған елдерде Covid-19 вирусынан қаза тапқандар саны әлдеқайда аз екенін байқаған.

Осыған байланысты, бірқатар мемлекетте аталған вакцинаны коронавирустың алдын алу мақсатында қолданып көрмек. Science журналының хабарлауынша, осы аптада ерікті дәрігерлер БЦЖ екпесін салдырып, тәжірибе жасап көрмек.

Bloomberg агенттігінің деректеріне сүйенсек, Аустралияның Мельбурн қаласында да туберкулезге қарсы осы екпені Covid-19-ға қаншалықты төтеп беретінін тексермек.

Айта кету керек, БЦЖ – «Кальмет-Герен Бацилласы» деп аталатын, туберкулезге қарсы бұл вакцинаның қолданысқа енгеніне бір ғасырдан асып кетті. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елінде екпенің бұл түрін салдыру міндетті. Әйтсе де, Еуропаның бірқатар мемлекетінде БЦЖ жаппай салынбайды. Олардың қатарында Испания, Италия және Швейцария бар.