Коронавирус • 30 Наурыз, 2020

Қазақстандағы 74 науқас басқа елдерден вирус жұқтырып келген

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Науқастардың ішіндегі 8 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Қазақстандағы 74 науқас басқа елдерден вирус жұқтырып келген

«302 науқастың арасында 14 жасқа дейінгі 2 бала бар. 74-і басқа мемлекеттен келіп ауырған азаматтар, 97 науқас басқа аурулармен қарым-қатынаста болған. 131 науқас осы елде ауырған, себептері белгісіз. Сонымен осы ақпараттың негізінде біз елімізде карантиндік шараларды күшейтуге ұсыныстар беріп, бүгіннен бастап мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдап, барлық өңірлерге карантиндік шараларды күшейту бойынша тапсырма берді», - деді Елжан Біртанов.

Министр науқастардың жағдайына тоқталды.

«8 науқастың жағдайы нашар деп саналады. 4-еуі жасанды вентиляцияда, жағдайлары республикалық бас мамандармен талқыланып, бақылауда болады. Сонымен қатар, ортаншы жағдайда - 30 науқас, ал 244 науқас жеңіл жағдайда немесе симптомсыз науқастар»,-деді министр.

Барлық санитариялық-диагностикалық және емдеу шаралары бұрыннан бекітілген алгоритмдер бойынша енгізілуде.