Коронавирус • 30 Наурыз, 2020

Қарағандыда 6 студенттен коронавирус белгісі табылды

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағандыда алты студенттің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда 6 студенттен коронавирус белгісі табылды

Бұл алты студент Қарағандыға 18 наурыз күні ұшып келген екен. Ал ол авиарейстің барлық жолаушылары карантинге жатқызылған болатын.

Дәрігерлер науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін айтады.

Өкінішке қарай, облыста «жаман тұмау» жұқтырғандардың саны бүгінгі күнде 13-ке жетті.

 

Қарағанды облысы