Коронавирус • 30 Наурыз, 2020

Елжан Біртанов медицина қызметкерлері атынан Президентке алғыс айтты

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайы жайлы баспасөз маслихаты өтті.

Елжан Біртанов медицина қызметкерлері атынан Президентке алғыс айтты

«Өте жоғары жұқпалы ауру болғаннан кейін, өкінішке қарай, басқа да мемлекеттердегі жағдайды көріп отырмыз, науқастардың арасында медициналық қызметкерлер де болады. Осы мәселені қарастыра отырып, медициналық қызметкер ауырып қалса, оларға арнайы әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге, ал өте күрделі жағдай және қайтыс болған жағдайларда 10 млн теңге бөлінетін болады. Бұл шаралар өте маңызды», - деді министр.

Қазіргі күнде дәрігерлеріміз күндіз-түні үйлеріне бармай, провизорлық стационарларда жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ министр санитарлық дәрігерлердің қаңтардан бастап әуежайларда өте маңызды санитариялық жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Бұл - мемлекет тарапынан, Мемлекет басшысынан үлкен қолдау. Сондықтан барлық медицина қызметкерлері атынан Президентке рахметімді айтқым келеді», деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.