Осыған байланысты былтырғы тəжірибе бойынша жаңа кесте жасау ұсынылды.
Бұдан басқа, С.Громов кездесуде Шу өзеніндегі су шаруашылығы ахуалын қозғады.
"2019 жылғы вегетациялық кезеңде Шу өзенінде қазақстандық тарап белгіленген көлемнің 64%-ін ғана алған. Біздің аймақтық су шаруашылығы ұйымдарына 2020 жылғы вегетациялық кезеңде Шу мен Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандарынан су беру кестесін əзірлеп, келісуді тапсыруды ұсынамын", - деді вице-министр.
Тараптар сондай-ақ Шу өзенінде орналасқан мемлекетаралық пайдаланудағы нысандарды жөндеу жұмыстарын орындау мəселесін келісті.