Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Алматы облысы: Қауіпсіздік шарасы күшейді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының аумағында короновирус инфекциясы 7 адамнан табылды. Ал жұқпалы індет таралуының алдын алу жұмысы күшейді. Ертеңнен бастап өңірдегі азық-түлік дүкендерінен басқа барлық қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады.

Алматы облысы: Қауіпсіздік шарасы күшейді

- Облыс әкімдігі коронавирус індетімен күресте қосымша қауіпсіздік шараларын енгіздіБарлық сауда орындары, базарлар, көше саудасының жұмысына да тыйым салынады. Ертеңнен бастап олар жұмыс істемейді. Ал аренда мәселесіне келетін болсақ, әкімдік жұмыс жүргізді. Қожайындары арнайы жеңілдіктер қарастыруы мүмкін. Бұл мәселе шешіледі. Сондай-ақ, көлік жөндеумен айналысатын орындардың да жұмысы тоқтады. Енді дәмханалар тек сатып алушыға тапсырысын жеткізумен айналысатын болады, - деді журналистермен өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Шектеу шарасы Алматы облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 31 наурыз, сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Яғни, енді облыста жәрмеңкелер өткізілмейді, азық-түлік сатпайтын сауда орталықтарының, бизнес-орталықтардың, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын мекемелерінің, базарлардың, қоғамдық тамақтану орындарының, діни маңыздағы нысандардың, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы уақытша тоқтайды.

-Жасы 65-тен асқан азаматтардың көшеде жүруіне шектеу қойылып, оларға қажетті азық-түлік пен медикаменттерді үйлеріне жеткізіп беру қамтамасыз етіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандар да ата-анасынсыз өз бетімен сыртта жүре алмайды. Саябақ, сквер, орталық алаң сияқты халық көп жиналатын орындарға баруға болмайды, ол жерлерде полиция бекеттері орнатылады, - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Соңғы жаңалықтар