Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

АӘК: Бүгінге дейін Маңғыстауда барлығы 3089 өтініш қабылданды

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова мәлім етті.

АӘК: Бүгінге дейін Маңғыстауда барлығы 3089 өтініш қабылданды

Атаулы әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі. Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізіндеқалыптастырылатын болады. Бұл үшін халықтыжұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері1-тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетіншеөтініш жасайды және АӘК тағайындауөлшемдеріне сәйкестігін тексереді. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесемессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

- 1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспенқамту орталықтарының қызметкерлері құжаттардымемлекеттік органдардың мәліметтер базасындатексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесемессенджерлер арқылы хабарлайды. Бұл реттеучаскелік комиссиялар көшпелі тексерулержүргізбейді. Барлық қажетті құжаттардыазаматтардан электрондық пошта арқылы немесемессенджерлер арқылы сұрататын болады -, дедіжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басшысының міндетін атқарушыЖайсаңгүл Досполова.

Күні бүгінге дейін Маңғыстау облысында барлығы 3089 өтініш қабылданып, 3089 іс учаскелік комиссияларға жолданды. Нәтижесінде 3071 іс бойынша комиссиялардың қорытындысы шығарылып, 2636 отбасына (14380 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 435 отбасына (өтініштердің 14,2%) атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылды.

Атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тетіктеріне сәйкес, қаңтар айында тағайындалған отбасылардың 1-3 жастағы 1124 балаға, 3-6 жастағы 1394 балаға азық-түлік жиынтығы, 2518 балаға гигиеналық мақсаттағы тұрмыстық химия жиынтықтары тағайындалды.

2020 жылдың қаңтар айы үшін 1507 отбасының 1 жастан 3 жасқа дейінгі 1115 балаға, 3 жастан 6 жасқа дейін 1392 балаға азық-түлік топтамасы, 1597 балаға – гигиеналық топтама берілді.

Ағымдағы жылдың наурыздың 30-на кепілдік берілген әлеуметтік топтамалары 1-6 жастағы 3441 балаға, 1579 балаға гигиеналық топтама (ақпан айы үшін), барлығы 2287 отбасының 3441 балаға азық-түлік топтамасы, 3176 балаға гигиеналық топтамалар берілді.