2020 жылғы 17 наурыз мен 29 наурыз аралығында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (тігін фабрикалары, ателье, ЖК және т.б.) 344 228 медициналық бетперде өндірді, оның ішінде
- 74 192 бетперде 64 дәріханаға;
- 67 449 дана бетперде өтеусіз негізде тұрғындарға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге, ардагерлерге таратылды;
- қалған 198 587 бетперде Маңғыстау облысының ірі, орта және шағын кәсіпорындарына сатылды.
Ақтау қаласында 93 496 бетперде өндірілді, оның ішінде 27 771 бетперде (150 теңгеден) – 17 дәріхана, 12 755 бетперде – қала тұрғындары, 52 970 бетперделер - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Жаңаөзен қаласында 105 826 бетперделер өндірілді, оның ішінде 7550 бетперделер (150 теңгеден) – 12 дәріхана, 18 480 бетперделер – қала тұрғындары, 79 796 бетперделер - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Бейнеу ауданында 31 250 бетперде өндірілді, оның ішінде 17 200 бетперде (80 теңгеден) – 8 дәріхана, 5800 бетперделер – аудан тұрғындары, 8250 бетперделер - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Қарақия ауданы 17 588 бетперделер өндірілді, оның ішінде 2991 бетперделер (150 теңгеден) – 7 дәріхана, 6235 бетперделер – қала тұрғындары, 8362 бетперделер - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Маңғыстау ауданы 18 694 бетперделер өндірілді, оның ішінде 5130 бетперделер (100 теңгеден) – 3 дәріхана, 13 474 бетперделер – қала тұрғындары, 90 бетперделер - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Мұнайлы ауданы 55 746 бетперделер өндірілді, оның ішінде 9996 бетперделер (130 теңгеден) – 6 дәріхана, 2540 бетперде– қала тұрғындары, 43210 бетперде - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Түпқараған ауданы 21 628 бетперде өндірілді, оның ішінде 7544 бетперде (70 теңгеден) – 11 дәріхана, 8165 бетперде – қала тұрғындары, 5909 бетперде - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Өндірілген бетперде көп рет қолданылатын екенін атап өту қажет. Бұл ретте осы бетперделердің құны бір маска үшін 250 теңгеден аспайды.
Өз кезегінде Талғат Әбдіқадыров маңғыстаулықтарды алып-сатарлықпен айналысатын дәріханаларды анықтаған жағдайда хабарлап отыруға шақырды. Бағаны жасанды түрде көтеру фактісі анықталған жағдайда төтенше жағдай жөніндегі облыстық штабы уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылдайтын болады.
Маңғыстау облысы