Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Ақтаудағы базарлар дезинфекцияланды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтаудағы базарлар дезинфекцияланды

Бүгін Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен қаладағы «Мағаш», «Масат» «Ақ базар», 27-шағынаудандағы «Жасыл базар» мен 28а-шағынаудандағы сату орындарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

-Біздің облысымызда вирустың алдын-алу үшін шектеу шаралары қойылды. Сауда орталығында жасалып жатқан тазалық жұмыстары да осы мақсатта жасалуда екенін білесізер. Сондықтан адамдар өздерінің жеке басының саулығы үшін базарға тек тамақ алу үшін ғана келсе және бала-шағаны алып келмеуін сұраймыз. Бәрі жасқы болсын, деді «Мағаш» базарының директоры Мұхтар Жарылғапов.

Айта кетейік, осыған дейін «Ынтымақ», «Достық», «Мәңгілік алау», теңіз жағалауы, орталық көшелер тазаланған болатын. Арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері. АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдалану арқылы жасады.

Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар газсыздандыру жинақтарын пайдаланды. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.

 

Маңғыстау облысы