Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Түркменстан-Кендірлі-Жаңаөзен мен Жаңаөзен-Ақтау бағытындағы блок-посттарында 93 көлік, 100-ге жуық жолаушы тексерілді

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қарқынды жұмыс жасап, күшейтілген қызметке кіріскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Түркменстан-Кендірлі-Жаңаөзен мен Жаңаөзен-Ақтау бағытындағы блок-посттарында 93 көлік, 100-ге жуық жолаушы тексерілді

Жаңаөзен қаласының полицейлері 93-ден астам көлік пен 100-ге жуық жолаушыларды тексерген. Әлемді дүр сілкінткен індеттің алдын алу мақсатында Жаңаөзенде кешенді қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. 20 наурыздан бастап Түркіменстан-Кендірлі-Жаңаөзен бағытындағы блок-бекеттері қойылып санитар мамандар мен жергілікті полицейлер тәулік бойы қызмет етеді. Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша 2 блок-бекеттер іске қосылған. Бұл бекеттерде полицейлер және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Одан бөлек әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиылатын қоғамдық орындардың жұмыс жасау режимі өзгертіліп, шектеулер қойылды. Алдын алу шараларының барлығында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қарқынды жұмыс жасап, күшейтілген қызметке кіріскен. Тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде. Жаңаөзендік полицейлер бекеттерде  сағат сайын бақылау жасап, кезекшілікпен қызмет атқаруда.

 

Маңғыстау облысы