Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Полиция департаменті төтенше жағдайдағы іс-қимылдар алгортимін әзірледі

611 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және алдын алу мақсатында облыс аумағындағы іс-қимылдар алгоритмін әзірледі.Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Полиция департаменті төтенше жағдайдағы іс-қимылдар алгортимін әзірледі

Бұл алгоритмде тұрғындардың пәтерден, үйлерден шығуын шектеу, тек қажет болған жағдайда ғана (азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға, қоқыс шығаруға және жұмысқа) рұқсат ету көзделген. Сондай-ақ дүкендерде және дәріханаларда тұратын немесе жұмыс орнына тікелей жақын жерде азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуға, жұмыс орнынан анықтама не ұйымдар үшін қызметтік куәлік болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүруге құқығы бар. Қажет болған жағдайда полиция қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді сұрайды, көшеде болу мақсатын анықтайды, тексеру үшін көрсетілген орынға дейін шығарып салады.

Сонымен қатар, азаматтардың қоғамдық орындарда: саябақтар, скверлер, жағалаулар, көше балалар ойын алаңдары және азаматтардың басқа да демалыс орындары сияқты болуын шектеу көзделген, жағдай бойынша үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендетуге рұқсат етіледі.

Маңғыстау облысы аумағында төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде 65 жастан асқан адамдарға осы алгоритмнің 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз көшеге шығуды шектеу ұсынылсын.

Төтенше жағдай мен карантин қолданылатын кезеңде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу не орындамау анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Төтенше жағдай режимі бұзылған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, яғни төтенше жағдай режимін бұзу туралы азаматтар ескертіледі.

Азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде және т.б. жерлерде болуына жол бермеу мақсатында полиция енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастырды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ата-аналарды өз балаларымен үй есіктерін, отбасы мүшелерінен басқа бейтаныс адамдарға пәтерлерін ашуға болмайтындығы туралы алдын алу әңгіме жүргізуін сұрайды. Балалар каникулда болғандықтан, тәртіп ережелеріне сәйкес балаларды бақылау сұралды.

 

Маңғыстау облысы