Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Елордада карантин тәртібін бұзған 300 адам жауапқа тартылды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Е. Сәденов хабарлады.

Елордада карантин тәртібін бұзған 300 адам жауапқа тартылды

«Карантин режімінің күшейтілуіне қарамастан, кейбір азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде жүрген. Үш күннің ішінде, яғни 28-30 наурыз кезеңінде полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. Сонымен қатар, екі мыңнан астам профилактикалық түсіндіру шаралары жүргізілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Е. Сәденов.

Департамент басшысының айтуынша, бүгінге дейін 202 адамға айыппұл салынды.

«22 наурыздан бастап төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 86-сы қамауға алынды, 202 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, 69 адамға ескерту жасалса, 17 іс сотта қаралуда. Блок-бекеттерінде 98 адам жазаға тартылды, оның ішінде 80 адам қамалды, 14 адамға айыппұл салынды, 4 іс сотта қаралуда», - деді Е. Сәденов.