Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Маңғыстау облысының көші-қон полициясы шетелдіктерден 273 млн астам теңге өндіріп алды

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 3 айында Маңғыстау облысының аумағына 18166 шетел азаматы келіп, көші-қон есебіне тұрды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының көші-қон полициясы шетелдіктерден 273 млн астам теңге өндіріп алды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Көші - қон қызметінің қызметкерлері әртүрлі профилактикалық іс-шаралар барысында 273 млн.227 мың 966 теңге көлемінде айыппұл салып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 617 адам жауапкершілікке тартылды. Көшіп-қонушылардың жалпы санынан 99-дан астам шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.

Сондай-ақ, жұмыс істеу барысында полицейлер ТМД-ның түрлі елдерінің азаматтары болып табылатын 55 адамды қабылдау - тарату орнына қандай да бір құжаттарсыз жеткізді.

Маңғыстау облысы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында 21455 рұқсат қағазы берілді.

 

Маңғыстау облысы