Әр түрлі мессенджерлерде азық-түлік себеттерін жеткізу үшін көпбалалы аналарға 109 байланыс орталығына хабарласу қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын қазақстандық отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылған болатын. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік топтама азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделді. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру ақысы төленіп келеді.
- Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімін жасады. Жиынтық құны – 5647 теңгені құрайды. Жиынтықты топтама түрінде немесе ақшалай беруге болады делінген. Сондықтан, аталған көмекті тездетіп халыққа жеткізу мақсатында және де адами қарым-қатынасты, көпшілік топтасуды болдырмау Маңғыстау облысы бойынша әр балаға 5567 теңгеден ақшалай беру қажет санаймыз, деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова.
Жоғарыда аталғандай төтенше жағдайға байланысты азық-түлік топтамасы мен химиялық құралдар сатып алу үшін әрбір балаға 5567 теңгеден төлем жүргізілетін болады. Төлем атаулы әлеуметтік көмек алып отырған аналардың есеп шоттарына, яғни банктік шоттары (банкоматтарына) түсетін болады. Аталған көмекті алу үшін ешқайда барып, құжат тапсырудың қажеті жоқ.
Бұдан басқа, карантин жарияланған аймақтарда азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық АӘК алатын отбасылардың ересек мүшелеріне, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, барлық жастағы I және II топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналарға берілетін болады.
Маңғыстау облысы