Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Ақтау: Теңіз жағалауында жарық сөндіріліп, орындықтар алынып тасталды

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында теңіз жағалауындағы жарық сөндірілді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау: Теңіз жағалауында жарық сөндіріліп, орындықтар алынып тасталды

4 шағынаудандағы «Жартасты соқпақ» жаяу жүргіншілер жолындағы, сондай-ақ 15 шағынаудан теңіз жағалауындағы жарық өшірілді. Бұған дейін жағалаудағы орындықтар алынған болатын. Аталған шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін орындалып жатырғандығы айтылады.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының Қарақия ауданында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу және аудан тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Құрық, Жетібай және Мұнайшы ауылдарына кіреберіс жол бойына санитарлық посттары қойылды.

Посттарда полиция бөлімінің және әкімдіктің қызметкерлері ауылдарға кіретін барлық автокөліктерді тоқтатып, сырттан келе жатқан жолаушыларды есепке алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 

Маңғыстау облысы