Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Маңғыстау: 215 адам үй карантинінде жатыр

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 215 адам үй карантинінде жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңғыстау: 215 адам үй карантинінде жатыр

Мәліметтерге сүйенсек, 30 адам провизорлық стационарында бақылауға алынған. Олар - Ақтау қаласында 19, Жаңаөзен қаласында 10, Бейнеу ауданында 1 адам. Сондай-ақ 45 адам обсерваторда жатыр. Яғни, Ақтау қаласында 35, Түпқараған ауданында 4, Бейнеу ауданында 6 адам. Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталған болатын.

 

Маңғыстау облысы