Бір қызығы, ұйымдастырушылар бұл жолы да «Барыс» жанкүйерлері дауыс беру кезінде ереже бұзғанын айтып, жерлестеріміздің 50 пайыз дауысын шегеріп тастады. Естеріңізде болса, алғашқы дауыс беру ойынында да дәл осындай себеппен «Барыс» жанкүйерлері 50 пайыз дауысынан айырылған болатын. Осылайша, екінші онлайн матчта да «Сибирь» жанкүйерлері белсенділік танытып, жеңіске жетті.
ҚХЛ-дің әлеуметтік желідегі (ВК, Twitter, Одноклассник, Instagram) ресми парақшаларындағы 12 сағатқа созылған сауалдама қорытындысы бойынша «Барыс» жанкүйерлері 33 287 дауыс, ал «Сибирь» жанкүйерлері 61 798 ұпай жинаған. Келесі дауыс беру матчы ертең өтеді. Екі ойын нәтижесі бойынша «Сибирь» 2:0 есебімен алға шықты.