Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

Екінші науқастың өліміне байланысты деректер пайда болды

2951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустан қайтыс болған 50 жастағы азамат емханаға ауыр жағдайда түскені белгілі болды. Дәрігерлер тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігі мен екі жақты пневмония болғанын айтады. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.  

Екінші науқастың өліміне байланысты деректер пайда болды

Қант диабеті, инсулинге тәуелділігі мен артериялық гипертензиясы да науқастың жағдайын ауырлата түскен.

Ол 22 наурыз күні реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған.

Сараптама қорытындысы науқастың коронавирус жұқтырғанын анықтаған.

Ол коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сай ем алған.

Дәрігерлер күн сайын бейінді мамандармен, оның ішінде Астана медицина университеті кафедраларының қызметкерлерімен консилиумдер өткізген. 

Қабылдаған қарқынды терапияға қарамастан, науқаста полиоргандық, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінің белгілері арта түскен.

31 наурыз күні сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтаған.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елімізде коронавирустан екінші науқастың көз жұмғанын хабарлаған еді. Науқастың бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбегені белгілі болған.