Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Павлодар облысында дәнді дақылдар егу мамырдың 15-нен кейін басталады

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше,биыл облыс бойынша егіс алқабы 1 480,3 мың гектар. 

Павлодар облысында дәнді дақылдар егу мамырдың 15-нен кейін басталады

Алқаптарға 750,4 мың гектарға дәнді дақылдар, 240,8 мың гектарға майлы дақылдар, 19,3 мың гектарға картоп, 7,2 мың гектарға көкөніс, 2,5 мың гектарға бақша дақылдары себіледі.

Сондай-ақ, 15,4 мың гектарға зығыр, 5,6 мың гектарға рапс, 7,7 мың гектарға жасымық тұқымы себілмек. 460 мың гектардан мал азығы әзірленеді.

Сәуір айының 10-нан кейін шаруалар ылғал жабу, жер жырту жұмыстарын бастайды.

Ал, дәнді дақылдарды егу жұмыстары мамырдың 15-нен кейін жүргізіледі. Шаруашылықтарда 134,4 мың тонна жаздық егіс тұқымдары сақтаулы. 

Жоспар бойынша көктемгі егістікке 182 егіс кешені, тракторлар, тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы құралдары шығады.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін диқандарға биыл 19,1 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Әр тоннасы 184 мың теңгеге бағалануда

Облыстағы элиталық тұқым шаруашылықтары сату мақсатында 18,2 мың тонна жоғары репродукциялы тұқым дайындаған.

Қазір диқандардан 5,7 мың тонна көлемінде тұқым сатып алуға өтініштер түсуде.

Биыл облыс бойынша өсімдік шаруашылығын қолдауға 3,1 млрд. теңге субсидия бөлінген.

Ал, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламалары шеңберінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 3 млрд. теңгеге 100-ден аса жеңілдетілген несие беру жоспарланған.

 

Павлодар облысы