Әлем • 31 Наурыз, 2020

ЕАЭО елдері келісімге келді

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық одақ елдері коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл туралы бір-бірімен келісімге келді, деп хабарлайды ЕЭО баспасөз қызметі.  

ЕАЭО елдері келісімге келді

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) хабарлауынша, тараптар қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасады және денсаулық сақтау мен санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету саласында өзара бірігіп, шешімдер қабылдайды.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдері өзара көмек, оның ішінде гуманитарлық, сондай-ақ олардың аумағында тауарлар жетіспеген жағдайда Одақ мемлекеттеріне мақсатты коммерциялық жеткізілімдерді ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр.

ЕЭК сонымен бірге пандемия кезінде Одақтың кедендік аумағына бажсыз әкелінетін тауарлардың тізімін толықтыру бойынша жұмысты жалғастыратындығын айтты.

«Коронавирустық инфекцияның кедендік-тарифтік, тарифтік емес және кедендік реттеу, көлік, санитарлық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылау, техникалық реттеу және еңбек көші-қоны салаларында таралуының алдын-алу шараларына қатысты шешімдер төтенше негізде талқыланып, күшіне енеді»  деп түсіндірді ЕЭК.