Медицина • 31 Наурыз, 2020

Аллергиядан зардап шегетіндер коронавирустың таралуы кезінде сақ болуы керек

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Республикалық аллергологиялық орталығының жетекшісі, дәрігер Динара Талғатбекова маусымдық аллергиясы бар, тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдарға коронавирустың таралуына байланысты жоғары қауіп төнуі мүмкін екенін айтады.  

Аллергиядан зардап шегетіндер коронавирустың таралуы кезінде сақ болуы керек

Динара Жеңісбекқызының айтуынша, мұрын-жұтқыншақ – вирустар мен аллергендердің негізгі кіру қақпасы. Қауіпті агенттердің алғашқы кедергісі болып табылатын мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына ерекше назар аудару қажет. Тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық қабынуы пациенттің сілемейлі қабығын вирустарға осал етеді. Сондықтан көктем мезгілінде, әсіресе сәуір айының аяғында, мамырда, ағаштар шаң баса бастағанда, мегаполис тұрғындары сақ болуы керек.

«Сондықтан инфекция аллергияның барысын, ал аллергия вирус инфекциясының ағымын нашарлатады.  Ең қарапайымы – мұрынды,  ауызды және тамақты тұзды сумен шаю. Бұл таңертең тісті тазалау сияқты. Біз тістерімізді кешке де тазалаймыз, қолымыздыда күніне бірнеше рет жуамыз, мұрынның сілемейлі қабығымен де солай жасау керек. Вирус инфекциясы кезінде мұрын-жұтқыншақтың уақтылы емделмеген аурулары (синуситтер, фарингит) ауыр асқынуға әкелуі мүмкін. Аллергиясы бар науқас, әсіресе, қазір өсімдіктердің гүлдену кезеңінде аурудың белгілері мен ауырлығын бақылау үшін дәрігердің тағайындаған терапиясын қабылдауы керек. Вирустар әрдайым аллергиялық аурулардың, әсіресе бронх демікпесі өршуінің арандатушысы ретінде әрекет етеді. Бронх демікпесі болған жағдайда пациент дәрігер тағайындаған негізгі қабынуға қарсы терапияны алуы керек, сонымен қатар, вирустық-бактериалды инфекциясының қосылу ерекшелігін  ескере отырып, емдеуде вирусқа, бактерияға қарсы, иммуномодуляторлық дәрі-дәрмектерді қолдануға болады» дейді Динара Жеңісбекқызы .