Тұйық кеңістікте карантин уақытын өткізу – барша әлем жұртшылығы тап болған проблема. Психологтар онлайн-концерттер тамашалауға, челлендждер ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытумен айналысуға кеңес береді. Өзге қазақстандық әртістермен қатар, «Астана Опера» театрының вокалистері классикалық өнерді сүйетін барша қауымға онлайн-терапияға шомуды ұсынады.

Оның мәні – музыка бағалаушыларының назарын аудартып, әлеуметтік желілерде солистердің концертмейстерлермен бірге дайындықтарының қалай өтіп жатқандығын көрсету, оларды опера өнерінің жауһарларымен таныстыру, сол арқылы жағымсыз әрі келеңсіз ақпарат ағынынан адамдардың көңілін бөлу. Қазақстандық әртістер ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылған шығармашылық эстафетаны бір-біріне жолдауда. Ведомство #БіргеЕңсереміз, #БізБіргеміз жобаларының аясында карантиндегі уақытты тиімді өткізуге кеңес береді.
– Әр уақытта да өнер адам үшін қызмет етті: ол дәуірлер арқылы адамдарға жақсы мен жаман, игілік пен зұлымдық, қуаныш пен мерзімі жеткен мәселе туралы айтуға жәрдемдескен. Музыка – жалған нәрсеге шыдай алмайтын ең мәнерлі тілдердің бірі, ол – әмбебап, тұрақты әрі мәңгі. Биыл 175 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан ұлы Абай Құнанбаев аккордтары мен философиялық ойы бір мәрте шырқалғаннан-ақ қазақстандықтардың жүректерінде мәңгі әуелей беретін композицияны дүниеге әкелді. «Көзімнің қарасы» адам жанының терең түпкірлеріне еніп, тыңдаған сайын жаңаша түйсінулер, эмоциялар мен сезімдер әлеміне жетелейді. Әлеуметтік желідегі парақшамда отандастарымды қолдауға бағытталған бейнеролик жариялаймын. Еліміз бен тұтастай әлем үшін осынау қиын-қыстау кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаттары мен Қор жанындағы Мәдениет жөніндегі кеңес мүшелері қазақ классикасының жауһарларын орындайды. Тек бұл жолы қойылым опера сахнасында емес, карантин режимінде үйден ұсынылады – себебі өнердің шекарасы жоқ. Естеріңізде болсын, біз бірлесіп бәрін де жеңеміз - #Bizbirgemiz, - деп атап өтті өз аккаунтында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» опера труппасының меңгерушісі Азамат Жылтыркөзов.
Бұдан бөлек, баритон әнші П.И.Чайковскийдің «Дон Жуанның серенадасын» шырқап, эстафетаны опера цехындағы өз әріптестеріне жолдады, өзі болса мұны ҚазҰӨУ студенттері Әлихан және Омархан Омарғазиндерден қабылдаған болатын.
«Құрмет» орденінің кавалері, театрдың жетекші солисі Айзада Қапонова тыңдарман назарына И.Штраустың «Жарқанат» опереттасынан Адельдің шумақтарын ұсынды. Опера әншісінен челленджді белгілі әртістер – Талғат Мұсабаев, Расул Жармағамбетов, Айгүл Қосанова қабылдамақ. Майра Мұхамедқызы, Жұпар Ғабдуллина, Дина Хамзина және басқа көптеген әртістер өз оқырмандарымен белсенді қарым-қатынас жасауда.
Қазақстандық опера дивасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы 4 сәуір күні сағат 21:00-де Қазақтелекомның YouTube каналынан тікелей эфирде Live форматындағы жеке концертін беретінін атап өткен жөн!
Концерт бағдарламасына қазақтың халық әндері, Абай Құнанбаевтың туындылары, танымал итальяндық және классикалық орыс романстары енген.
Еске салар болсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Live форматында «Карантиндегі жұлдыз» жаңа жобасын іске қосқан болатын. Сондай-ақ көрермендердің әртістермен сұхбаттасу мүмкіндігі туындады. Концерттер ашық әрі баршаға қолжетімді түрде тегін өткізіледі.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар