ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтердің қолдануы мерзімдері аяқталуына байланысты «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 15-бабы 3-тармағына сәйкес бірқатар табиғи монополиялар субъектілеріне 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап тарифтерді төмендетті.
«Шымкент сушар» МКК-на суды каналдар арқылы беру қызметіне тариф 449,48 теңгеден/1000 м3 376,59 теңгеге/1000 м3 немесе 16,2 пайызға төмендетілді;
«Оңтүстік Энергосервис» МКК-на электр энергиясын беру қызметіне тариф 3,16 теңге/кВтсағаттан 1,81 теңге/кВтсағатқа немесе 42,7пайызға төмендетілді;
«Қазығұрт жолы» ЖШС-на бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф 181,23 теңге/вагон.км-ден 164,88 теңге/ваг.км немесе 9 пайызға және маневр жұмыстарына тариф 5 056,64 теңгеден/ваг.сағаттан 4 600,43 теңгеге/ваг.-сағатқа немесе 9 пайызға төмендетілді», делінген хабарламада.
Шымкент