Жер бетіндегі жұмбаққа толы ғажайып жердің бірі - Американың Калифорния штатында орналасқан. Ол жерлерге физиканың кейбір заңы әсер етпейтін көрінеді. Шарлар тартылыс заңына сәйкес төмен қарай емес, жоғары қарай ұшады, тік тұратын заттар, жерге бұрышымен қадалып тұрады, ал адамдар қабырғамен өрмелеп жүре алады.

Бұл елді-мекенді алғаш рет үндістер ашқанын білеміз. Американың Батыс жағалауын мекен еткен олони тайпасының жауынгерлері осы жерде бір емес, бірнеше рет мистикалық салттарды атап өткен екен. Иә, шынымен де калифорниялық бұл ормандардың адам түсініп болмайтын құпиялары жетерлік.
Аталмыш жердің адам санасынан тыс бір тылсымы бары анық. Тік тұруға қанша талпынғаныңмен, әрекетің бәрібір нәтижесіз болады. Жер өзіне қарай тартады және бұл ешқандай да ойдан шығарыла салған асыра көркемдеу емес. Мүмкін Ньютонның алмасы төмен қарай құлаған да шығар, бірақ бұл жердің тартылыс заңы өзінше әрекет етеді.
Друва Ноел, гид: «Бұл жер физиканың кейбір заңдарына тіпті де бағынбайды. Мәселен, тартылыс заңы. Заттар төмен қарай емес, өздігінен жоғары қарай домалайды. Жердің еңіс бұрыштары, ойлы-қырлы бұлтарыстары көп болуы себепті, адамдардың бойы да өзінің нағыз бойынан не ұзын, не тым қысқа көрінеді. Және мұның барлығы қазір біз тұрған белгілі бір шектеулі шекарада ғана болады».
Осыдан 80 жыл бұрын калифорниялық кәсіпкер Джордж Прейтер отбасына арнап таудың бөктеріне жаздық баспана тұрғызбақ болады. Жер сатып алып, ағаш ұстасын да тауып қояды. Үйді енді тұрғызып бастай бергенде-ақ, түсініксіз де келеңсіз жайттарға тап болады. Үйді бірнеше мәрте басынан бастап қайта тұрғызғанымен де, бәрібір қисық болып шыға беріпті. Құрылыстық есеп бойынша, бәрі де үй тұрғызарлық талапқа сай болғанымен, баспана жылдар өткен сайын төмен қарай иіле береді. Ал жұмбаққа толы мекен жайындағы сан түрлі сөздер, пікірлер, гу-гу әңгіме жоғарыда аталған үймен бірге айналаға демде таралып кетеді.
Табиғаттың ауытқуы хақындағы әңгіме адамзатқа бұрыннан мәлім және мұндай құпияға толы мекендер барлық жерде де бар. Калифорнияның тылсым орманының көлемі үлкен болғанымен де, сиқырланған шеңбердің радиусы бар-жоғы 50 метрді құрайды.
Друва Ноел, гид: «Адамдардың көпшілігі үйлер жерге қарай бұрыштай қисайып тұрғаннан кейін, өздерін де солай тұрмыз деп ойлайды. Бірақ аяқты еденнен көтеретін болса, бізді төмен емес, жоғары қарай белгісіз бір күш тартады».
Калифорнияның жұмбақ орманын тексеруге ғалымдар жүйелі түрде жиі-жиі келіп тұрғанымен, әлі де мән-жайды, бұл құпияның сырын нақты түсіндіріп бере алмай келеді. Алайда, болжамдар бірінен кейін бірі туып жатыр: «жердің астында магнит кенінің шамадан тыс көп болуы салдарынан», «бұл жерде гравитациялық ауытқулар бақылануда» және, әрине, «осы мекенде бір кездері ұшқыш тарелка сынған» деген сынды пікірлер толассыз айтылып жатады.
Бұл орманға бір кездері жатпланеталықтар ұшып келіпті деген пікір шындыққа жанасымсыз көрінгенімен де, құлаққа өте тамаша естіледі. Калифорнияның ормандарында болған кез келген адам көп сұрақтарға жауап тапқысы келеді. Және оның ең бастысы – бұл мекендерде болатын жайттардың барлығы да баршаға мәлім физика заңдылықтарына қалайша керісінше өрбиді? – деген сауал.
Сонда қалай болғаны? Калифорнияның тылсым ормандарына физиканың заңы әсер етпей ме?..
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Бүгін, 22:37
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар