Қазақстан бұл шешімді экспортты ұлғайту мақсатында қабылдап отырғанын айтады. Шектеу мерзімі әзірге 3 ай. Содан кейінгі жағдайды нарықтың беталысына қарай реттейді.
«Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ЕАЭО ТЖ кодтарының 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын автокөлік құралдарымен ел аумағынан әкетуге тыйымның алынып тасталуын енгізеді», - делінген ведомство хабарламасында.
«Финам» компаниясының сарапшысы Алексей Калачев те үкімет Ресейге бензин импортын шектеу арқылы өзіміздің МӨЗ-дердің өнімін ұлғайтамыз деп үміттенетінін айтады. 2019 жылы РФ-ға 1,2 млн тонна жанар-жағармай тасымалданған.
Алексей Калачев РФ-дан келетін немесе бізден сол елге жеткізілетін жағар-жанар май импорты жыл сайын азайып келе жатқанын айтады. Егер, осы тенденция сақталса, 2020-20210 жылдары жанар-жағармайға деген қажеттіліктің 100 пайызын өз күшімізбен қамтамасыз ете аламыз. Бірақ 100 пайыздық қамтамасыз етудің өзі жанар-жағармай өнімдері бағасын өзіміз қалаған деңгейге белгілеуге мүмкіндік бермейді.
«Тек қана қажеттіліктен артылып қалған қорды экспортқа жіберуге мүмкіндік туады», – дейді Алексей Калачев.
Алексей Калачев, жанар-жағармайдың контрабандалық жолмен елден жылыстауы туралы өз пікірін білдірді. «Ішкі нарықтағы бағаға импорт және экспорт бағасының сәйкестігі ғана емес, көрші елдердің осы сегментіндегі баға да мәселені шешеді», – дейді Алексей Калачев.
Алексей Калачевтың айтуынша, Қырғызстанда бензин бағасы еліміздегіден төмен болса, қазақтың жанар-жағармайы сол елге қарай ағып кетеді дегенге сену қиын. Себебі қырғызға біз ұсынған бағаны РФ да ұсынады. Егер, ол елде бензин бағасы біздің елден жоғары болса да үкіметтің қолындағы экспорттық салық арқылы бағаны теңестіріп отыруға мүмкіндік бар.
«Сондықтан экспорттық салықты ішкі нарықтағы қажеттілікті және бағаны ұстап тұруға мүмкіндік беретін деңгейде сақтап қалу керек», – дейді Алексей Калачев.
Қазақ үкіметі мен сарапшылардың бензин импорты туралы айтысы қызып жатқанда, РФ-да бензиннің қымбаттайтыны белгілі болып қалыпты.
Ресейлік «Альпари» сараптамалық агенттігінің сарапшысы Анна Бодрова биыл Ресейде бензин бағасы 5 пайызға немесе одан да жоғары пайызға көтерілуі мүмкін екенін айтты.
РФ бағаны реттеп отыратын құзырлы орындардың, РФ Орталық банк ұсынған мәліметтерде бағаның көтерілуіне 2019 жылы, екі кезеңмен жүргізілген акциздік алым себеп болыпты. Акциздік алымның алғашқысы 2019 жылдың қаңтар айында, екіншісі 1 маусым күні жүрген. «2018 жылы РФ-де бензин бағасы 7,3 пайызға өсті. Бұл факторға 2017 жылы бензин үшін акциздік алым көтерілмегені себеп болған. Акциздік салым тек дизель отыны үшін ғана көтерілген», – дейді Анна Бодрова журналистермен кездескен кезде.
РФ акциздік салым синдромынан кейін жиын-терім науқаны басталар кезде жанар-жағармай бағасы да «қозғала» бастайды екен. Бағаның шырқау шегі – маусымның соңы мен шілде айында байқалады. Себебі сол уақытта шаруалардың қолына субсидия тиіп, жанар-жағармайдың артық қорын баға арзан кезде алып қоюға тырысады екен. «2020 жылдағы бензин бағасы өсімінің орташа көрсеткішінің жоғарғы шегі 8, 5 пайыз болуы мүмкін. Ал дизель отынының бағасында өзгеріс болмайды. Бағаның өсіміне себеп болатын факторлардың бәрі реттеуге көнетін әлсіз фактор», – дейді Анна Бодрова.
Отандық сарапшылар болса, «энергетика министрлігі, «Kazenergy-дің» алдын-ала бензин бағасын РФ-дағы бағамен теңестіреміз деп үкімет атына ұмтылысының себебі Ресейдің баға саясатындағы өзгерістер себеп болып отырғанын айтады. Себебі ол елдің «бензин бағасы 8,5 пайызға өседі» деген болжамы біз үшін қашып, құтыла алмайтын көлеңке болғалы тұр.
Қара күзде «неге?» деген сұрақтың салмағы арқасына қатты батып кетпеу үшін, ол елден соғатын дауылдың ықпалын әлсірету үшін жоғарыда аталған екі мекеме осындай қадамға барып отыр. «РФ-мен бізді ЕАЭО шарттары біріктіреді. Сол себепті бағаны бір-бірімен үйлестіріп отырғандар – ұтылмайды. Бізге үшінші жол жоқ», – дейді Алексей Калачев.