Спорт • 31 Наурыз, 2020

Хоккей: Евгений Рымарев үш бірдей рекордын жаңартты

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен Өскеменнің «Торпедо» клубының шабуылшысы Евгений Рымарев биылғы Жоғары хоккей лигасында тәуір ойын көрсетіп, өзінің үш бірдей рекордын жақсартты.

Хоккей: Евгений Рымарев үш бірдей рекордын жаңартты

ЖХЛ-дің 2019/20 жылғы маусымында «Торпедо» шабуылшысы гол-пас жүйесі бойынша жалпы саны 54 ұпай (28 шайба соғып, 26 нәтижелі пас асырған) жинады. Рымаревтің бұған дейінгі ең үздік нәтижесі – 43 ұпай. Бұл 2012/2013 жылғы маусымдағы көрсеткіш болатын.

Сондай-ақ отандасымыз бұл маусымда өзінің шайба соғу жағынан да көрсеткішін әжептәуір жақсарғанын байқауға болады. Мысалы, 2013/2014 жылғы маусымда Рымарев 20 шайба соқса, биыл 28 мәрте мергендігімен көзге түсті.

 Нәтижелі пас асыру бойынша да биылғы маусымда өз рекордын жаңартты. Осы маусымда отандасымыз әріптестеріне 26 нәтижелі пас асырса, бұған дейінгі үздік көрсеткіші – 24 нәтижелі пас болатын.