«Бетберде мен қолғап киіп, көзілдірік тағып, санитайзерлерді қолданып, қолды жиі жуумен қатар адамдар көп жиналатын жерлерде бас киім киіп, ормал тағуды ұсынамыз. Шашты жайып жүргенде вирустың жұғу қаупі жоғары», дейді Алматы қаласы бойынша аса қауіпті жұқпалы ауруларды қадағалау эпидемиологиялық бөлімінің жетекшісі Саят Кәуметбаев.
Маман бұл жалпыға белгілі ереже екенін айтты. Бұл норманы сақтау коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін одан әрі азайтуға мүмкіндік береді.
Коронавирустан қорғау үшін сақталуы тиіс негізгі шаралар:
- қолды жиі жуу және антисептик пайдалану;
- қолма-қол ақшаны пайдаланбау;
- сағат сайын телефон экранын өңдеу;
- әрбір 20 минут сайын масканы өзгерту;
- иммунитетті нығайту;
- әдетті өзгерту: кездесу кезінде қол ұстамау;
- карантин ережелерін сақтау.