Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Ақтауда бір тәулікте 133 құқық бұзушылық анықталды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 30 наурызынан бастап Ақтау қаласында және Маңғыстау облысында ерекше режим енгізілді. Халықтың жүріп-тұруы мен пәтерден шығуы және азаматтардың қоғамдық орындарда болуы сағат 19:00-ден таңғы 08:00-ге дейін шектелген деп хабаралйды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.

Ақтауда бір тәулікте 133 құқық бұзушылық анықталды

Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны тәулік ішінде 133 құқық бұзушылықты анықтады. Бұл төтенше жағдайды енгізілгенге дейінгі кезеңге қарағанда екі есе аз.

Маңғыстау облысында қозғалысты шектеу коронавирус індетінің одан әрі таралуына жол бермеу үшін қабылданғандығы белгілі.

 

Маңғыстау облысы