Спорт • 01 Сәуір, 2020

Хоккей: Онлайн доданың үшінші матчы басталды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасы жолындағы Гагарин кубогының плей-офф кезеңіндегі «Барыс» пен «Сибирь» жанкүйерлері арасындағы онлайн ойынның үшінші матчы басталды.

Хоккей: Онлайн доданың үшінші матчы басталды

ҚХЛ-дің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында Гагарин кубогының жеңімпазын анықтау мақсатында бұл күндері онлайн дауыс беру матчы өтіп жатыр. Осы орайда Қазақстандық хоккей жанкүйерлері мына әлеуметтік желілер арқылы (ВК, Twitter, ОК, Instagram) «Барыс» клубына дауыс бере алады. Онлайн ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.

Бұған дейінгі екі дауыс беру матчында Новосібірдің «Сибирь» жанкүйерлері белсенділік танытып, жеңіске жеткен-ді. ҚХЛ-дің ережесі бойынша, келесі кезеңге төрт рет жеңіске жеткен команда жолдама алады.

Айта кетейік, ҚХЛ басшылығы коронавирусқа байланысты матчтар тоқтаған соң, турнирді мәресіне жеткізу және жеңімпаз команданы анықтау мақсатында онлайн дауыс беру жүйесін енгізген болатын. Енді Гагарин кубогының жеңімпазын хоккейшілер емес, жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтайды.