Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Онлайн режимде кездесіп, бейнебайланыс арқылы тілдеседі  

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекцияның белең алуына байланысты қатаң режимдік тәртіпке көшкен ЗК-169/1 мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Онлайн режимде кездесіп, бейнебайланыс арқылы тілдеседі   

Мекеменің кіре берісіндегі бақылап-өткізу бекетінде барлық адамның дене қызуы өлшенеді. Бекет антисептикалық  ерітінділермен залалсыздандырылып отырады. 

Мекемедегі айыпталушылар мен сотталушылар өздеріне келген туыстары және  заңды өкілдерімен онлайн режімде кездеседі.

Қысқа мерзімді кездесуге келгендер үшін бейнебайланыс арқылы  сөйлесуге мүмкіндік жасалып отыр.

 

Қызылорда облысы