Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Маңғыстауға келетін барлық жолаушылар пойызы тоқтайды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Маңғыстау» теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова хабарлады.

Маңғыстауға келетін барлық жолаушылар пойызы тоқтайды

20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілгеніне байланысты, «Маңғышлақ – Нұрсұлтан» бағытындағы пойызының соңғы бекеті болып Атбасар белгіленсе, «Маңғышлақ – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы тек Шу бекетіне дейін жүрді. Аталған бағыттар 30 наурыз күні жолаушыларды тасуды тоқтатты.

Сондай-ақ, жергілікті «Маңғыстау – Бейнеу» бағытындағы пойыз да 30 наурыз күні соңғы рет жөнелтілді. Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Маңғыстаудан Атырау, Ақтөбе қалаларына қатынайтын барлық пойыздар тоқтайды.

Өз кезегінде, Алма Айымқұлова төтенше жағдай аясында вокзалдың жұмыс істеу тәртібін, сақтық шараларын айтып өтті. Келіп-кетуші жолаушылардың барлығын экпидемиологтар арнайы құрал-жабдықтармен, тепловизорлармен тексеретінін мәлімдеді.

- Осы күнге дейін вокзалда коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Қызметкерлеріміз бен жолаушылардың қауіпсіздігі тиісті мамандардың жіті бақылауында, - деді Алма Айымқұлова.

 

 

Маңғыстау облысы