Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев телекоммуникациялар орталығында брифинг беріп, өңірімізде екінші адамның бойынан коронавирустің белгілері табылғанын ресми түрде жариялады. Ол Тайынша ауданындағы Келлеровка селосының тұрғыны, 30 жастағы әйел екен.

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

Кәдімгі тұмауға тап болдым ба деп, температурасы көтерілген соң ауруханаға барғанда қан алған дәрігер оның бойындағы инфекция коронавируске ұқсас екенін бақылаған. Қазір әйел облыс орталығындағы инфекциялық аурухананың оқшауланған бөліміне жеткізіліп, қатаң бақылауға алынған. Инфекция материалдары дереу Алматыға жіберілген.

Осы әйелмен қарым-қатынаста болған барлық жандар анықталып, қазір тексеруге алынған. Солтүстік Қазақстанда қазір жалпы саны 44 адам провизорлық стационарда, 30 адам карантинде және 494 адам өз үйлерінде оқшауланған.

Бойында қатерлі індеті бар деген күдік келтірген әйелдің денсаулығы қазір бірқалыпты. Дене қызуы да орташа деңгейге түскен.

Солтүстік Қазақстан облысы