Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Коронавирустан қайтыс болғандардың денесі туыстарына берілмейді

1201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандардың денесі туыстарына берілмейтінін айтты.

Коронавирустан қайтыс болғандардың денесі туыстарына берілмейді

«Алгоритмге сәйкес жерлеу кезінде  қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады. Туыстарымен қоштасу жерлеу іс-шарасын жүргізу үшін мәйітті кемінде 3 м қашықтықта беруге рұқсат етіледі, бұл ретте мәйіт қайтыс болған адаммен қоштасу орнында 30 минуттан артық болмауы тиіс. Жерлеу рәсіміне бір ғана дін қызметкерінің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші және туыстары қайтыс болған адамның денесімен жанаспайды», деді А.Есмағамбетова.

Белгілі болғандай, табытпен көмген кезде қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес концентрациядағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңдірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге металл немесе тығыз жабылған ағаш табытта тасымалданады.

Жерлеу рәсімі кезінде дене жабық болуы керек, табыт та қақпағымен жабылуы керек. Жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары ғана жіберіледі.