Қаржы • 01 Сәуір, 2020

Индексация қалай жүргізіледі?

814 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экономистер әлеуметтік төлемдердің қалай жүргізілетіні туралы пікір білдірді.

Индексация қалай жүргізіледі?

Кеше тікелей эфирде өткен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді», - деді.

Экономист Мұрат Темірханов әлеуметтік төлемдер тұрмысы орташа халық үшін айтарлықтай көмек болады деп есептейді. Мысалы 100 мың теңге зейнетақы алатындардың қолына 110 мың теңге түседі. Экономист осы тұста, бұл қаржы уақытша шаралар еместігін айтып өтті.   2-3 ай төлеп, жағдай түзелген тоқтап қалмайды. Экономист айтып өткеніндей, бюджет шығыны артатын болады. Осы тұста экономист Президент айтқан 200 млрд теңге деген сөзді мамандар түсінбей отырғанын айтты. «Бұл цифрдың бұл бір жылға есептелген шығын немесе  үш жылдық бюджеттің шығыс көзі екені анықталуы тиіс. Тиісті органдар есептеп, жария етеді деп ойлаймын. Себебі, үндеуде бұл жағы ашып айтылған жоқ», - дейді экономист.

Қаржыгер Ерлан Ибрагим индексация деген инфляция күрт өскен жағдайда жүзеге асатын шара екенін, ал біздегі инфляция әр жарты жыл сайын өзгертіліп тұратынын айтады.

Индексация бойынша төлемдер уақытша емес, себебі инфляция да уақытша құбылыс емес. Тауарларға да баға төмендемейді, тиісінше инфляция да артып отырады.  

Ерлан Ибрагим, атап өткендей, Президент айтып отырған 200 млрд теңге 2020 жылдың бюджетінен осы бағытқа кететін шығындар.

«Ал 2021-2022 жылдардың бюджетінен қарастырылатын қаражат қосымша түзету барысында анық болуы керек. Жалпы, билік әлеуметтік төлемдерді дағдарыс уақытында тоқтатпайтынын айтты. Қазір елде 6,5 млн адам осындай әлеуметтік жәрдемақыларды алады. Мен  200  млрд  теңгені осылай қабылдадым» дейді Ерлан Ибрагим.