Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Көктем - өрттің өршитін шағы

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаруаның бәрі былтырғы күзден қалған қауды көктемде күйдіріп, өртеңге жаңа тыныс береді. Сонда шөп те, астық та қаулап шығады. Солтүстік Қазақстанның үлкен жолдарымен осы кезеңде өтіп бара жатқан жолаушының бәрі егіс алқаптарында, шабындық алаңдарында лапылдап жанып жатқан немесе түтіні бұрқылдап жатқан ескі қауды көрер еді. Ауыл ішінде де бау-бақшаның ескі шөптер жанып жатады. Тіпті қораның ішінде қалған қи-қоқысты да бау-бақшаға шығарып, өрттеп жататын үйлер көп кездеседі. Осының иісі ауылын сағынатын көптеген жандарға сүйкімді иіс болып көрінетіні де бар.

Көктем - өрттің өршитін шағы

Өкінішке қарай осындай жағдайлар кейде өртке айналып, шаруаға материалдық шығын келтіріп, қасірет те әкеліп жатады. Әсіресе, даладағы өрттер қауіпті. Оларды жел көтеріп, жан-жаққа таратса, шаруаның өзінің ғана емес басқаның да мүлкіне, соның ішінде ормандарға да зардап тигізуі мүмкін.  

Сондықтан ТЖ Солтүстік Қазақстан департаменті шаруалар мен ауыл тұрғындарына ескертулер жасап, шөп қалдықтарын өртеу сәтін бақылауды ескертуде. Ескертулер алған шаруалар өздерінің аулалаларында, дала қостарында өрт қаупінен сақ болуға тырысуда.

Солтүстік Қазақстан облысы